Астаналықтар Пабло Пикассоның еңбектерімен танысты

ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей  көрмесі ашылды. Игі іске ұйытқы болған – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі.


Шараға «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы деп ат қойылды. Жоба «Астананың 20-жылдығына орай өткізілді. Көрмеден қала қонақтары мен тұрғындары көркем  керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалады. Көрме залына  32 мүсін, 32 керамикалық өнім, сонымен қатар 66 графикалық сурет қойылған. Испан суретшісінің еңбектері бір қарағанда қарапайым көрінгенімен, әрқайсысы қайталанбас  тарихтан сыр шертеді. Графикалық суретші, мүсінші, керамист Пикассоның коллекциясына  картинадан бөлек, құмыралар, табақшалар, сауыттар кіреді. Оның сауыттары мен кеселері арнайы жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас, тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді. 

Айта кетейік, Пабло Пикассо 1946 жылы Воллористе жыл сайын өтетін керамика көрмесіне барады. Сол жерден шабыт алып, төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасап шығады. 

Көрме 3 қарашаға дейін жалғасады.