Швейцарияда шатыры мен қабырғасы жоқ қонақ үй ашылды

Швейцарияның Тоггенбург округінде шатыры мен қабырғасы жоқ қонақ үй ашылды. Мұндай ерекше қонақүйде бір күн түнеу үшін 103 мың теңге төлейсіз, - деп хабарлайды Design Boom.


Ашық аспан астындағы бұл өзгеше қонақүйде әзірге тек үш бөлме бар. Қонақтардың бөлмесінде кофе шынысы, таңғы ас, алкогольсіз сусындар және ауа райының өзгеруіне қарай жайлы жағдай жасайтын қызметі бар. Жауын-шашын мен найзағай кезінде тұтынушылар қонақүйден алыс емес үйде түней алады. Қонақүйдің ашылуы адамдардың қызығушылығын тудырып, шетелден қонақтардың көптеп келуіне себеп болған. Мұндай ерекше қонақүйде түнеу үшін алдын ала жазылу керек екен.