Қазақстанның бірқатар өңірлерінде күн суытады

Жақын күндері Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа температурасы күрт төмендеп, күн суытуы мүмкін,- деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК -ның баспасөз қызметі.

 

2018 жылдың 9-11 тамыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде суық толқыны өтеді деп күтіледі.

 

Карск теңізі аудандарынан келетін суық,  ылғалды арктикалық ауаның салдарынан Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, сондай-ақ, шығыс өңірлерінде жаңбыр жаууы мүмкін.

 

Еліміздің кей аймақтарында күн күркіреп, екпінді жел соғып, бұршақ түсуі мүмкін деп болжануда. Осы күндері солтүстік, орталық аудандарда температура түнде 7-17 дейін, күндіз 15-23 градусқа дейін төмендейді.

 

Ал, қалған аймақтарда ауа температурасы қалыпты норманы сақтап тұрады. Дегенмен, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

 

Тамыздың 11-де Қазақстанның оңтүстігінде қатты жел соғып, арты шаңды дауыл мен бұршаққа ұласуы мүмкін.