«Қазақ концерт» ұжымы Македонияда өнер көрсетті

Қазақ концерт» ұжымы Македонияға гастрольдік сапармен барды. Жерлестеріміз Охрид музыкалық фестивальінде өнер көрсетті.

 

Шетелдік тыңдаушыларға отандық артистер мазмұнды және шабытқа толы әуендер тарту етті. 

 

Артистердің айтуынша, жыл сайын аталмыш фестивальге шақыртуды асыға күтеді. Себебі, шетелдіктер үшін қазақтың ұлттық аспаптары

домбыраның, қобыздың үні таңсық.

 

Қазақстандық музыканттарға танымал исландық дирижер Гудни Эмильсон жетекшілік етті.



 

«Охрид музыкалық фестивальінің тарихы терең. Әрине біздер  қатысуға қуана келістік. Биыл екінші жыл қатарынан шақырту алдық. Ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Әсіресе, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне осындай гастрольдік турға шығуға мүмкіндік бергеніне ризашылығымды білдіремін. Әрине, бұл сапарымызда бір ғана елде өнер көрсетпейміз, бірнеше елді аралап жүрміз. Бұл концерттердің барлығы еліміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Сонымен қатар, батыс халқын қазақ өнерімен таныстыру осы жобаның басты мақсаттарының бірі»,- дейді скрипкашы Айман Мұсаходжаева.