Жұмат Махамбетов: Қазіргі жастар ән айта алмайды, биді жақсы билейді

Шығармашылыққа 50 жылын арнаған ретро-әнші Жұмат Махамбетов қазіргі жастардың өнеріне өз пікірін білдірді. 

 

Бұл туралы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты. 

 

«Қазіргі таңда барлық бағдарлама ток-шоу бағытында түсіріледі. Жастар сахнаға шықса, мен оның не әнші, не биші екенін ажырата алмай қаламын. Олар әннен гөрі, биді жақсы билейді. Өмірдің ағымына сай болған дұрыс шығар. Бірақ, біз сияқты үлкендер кейінгі жастардың өнерін түсінбейді»,- дейді ҚР еңбек сіңірген артисі Жұмат Махамбетов.