Елімізде ветеринарлар тапшы

Осыдан 2 жыл бұрын мамандар елімізге 4000 ветеринар қажет деп дабыл қаққан еді.

Ветеринария саласына жылына 600-ден астам грант бөлінеді.  Бір қызығы осы мамандықты ұл балаға қарағанда, қыз балалар көп таңдау жасайды екен. Алайда, жастардың дені ауылға барудан гөрі оқу орнын тәмамдаған соң қалада қалғысы келеді.

Бұл туралы ветеринария ғылымдарының кандидаты  Еділ Махашев Шалқар радиосындағы «Алматы түні» бағдарламасында айтты.

«Қазақстанда 10-нан астам ЖОО-ы ветеринар мамандарды дайындайды. Біздер облыстық ауылшаруалық басқармаларымен тығыз байланыстамыз. Олардан кадр тапшылығы туралы мәліметтерді жинақтап отырамыз. Дәл қазіргі уақытта қанша маман тапшы екенін нақты айта алмаймын. Бірақ, маман тапшылығы байқалады. Жастар арасында бұл мамандық аса қадірлі болмаса да, біздер өзімізше өлмейтін мамандықтардың қатарына жатқызамыз. Айналамызда мал болғандықтан, бұл мамандыққа сұраныс жоғалмайды деген сенімдеміз»,- дейді  Қазақ Ұлттық аграрлық университеті "Ветеринария" факультетінің деканы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент  Еділ Махашев.