Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда қорытындысына сəйкес, Лондонның "ICE Futures" биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,48 долларға арзандап, 72,06 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,13 долларға түсіп, 66,81 доллар болды.