Жұмбақты тапқан адам 30 000 доллар сыйақы алады

Астана туралы канадалық жазушының кітабындағы жұмбақты алғаш болып тапқан адам 30 000 АҚШ долларына ие болады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Фейсбуктегі парақшасында.

«Канадалық профессор, тарихшы, Кембридж университетінің докторы, құпия қоғамдардың архитектурасы бойынша белгілі сарапшы Фрэнк Альбо өз елінде «Канадалық Дэн Браун» деп танылып, осы кітабы amazon.com интернет-дүкенінде кітаптар сатылымы бойынша үздік рейтингке қол жеткізді. 

Ал енді автор өз кітабын оқып, жасырылған жұмбақтарды шеше алған адамға 30 000 доллар көлемінде сыйақы бермекші. Автор елордамыз туралы білімімізді арттырып, руxани жағынан байытып қана қоймай, ақша ұтып алуға да мүмкіндік беріп отыр» делінген хабарламада.