Спортта шектеу жоқ!

«Астана-Париж» веломарафонының қатысушылары бүгін Ресей Федерациясының Қазан қаласына келіп жетті.


Зағип және көзі нашар көретін әуесқой спортшылардың құрлықаралық марафоны 4 тамызда Астана қаласынан басталған. Қатысушылар 5 мың шақырымнан астам қашықтықты жүріп өтіп, велоспорттың астанасы саналатын Парижге жетуі тиіс. Әр велошабандоздың қасында бір ерікті жүреді. Олар күн сайын 200 шақырым қашықтықты бағындырады. Жалпы, Парижге жетер жолда әлемнің 30 қаласын аралау жоспарда бар дейді ұйымдастырушылар. Спорттық шара 2018 жылдың қыркүйек айының ортасында аяқталады.