Кемел Оспанов: Алдағы 5 жылда СҚО-да барлық елді-мекен атауы қазақшаланады

Солтүстік Қазақстан облысында 350 көше бар. Ширек ғасыр өтсе де, ескі атауынан әлі құтылмаған өңір ономастика мәселесін уақыттың еншісіне  қалдырған. Бұл туралы Кемел Қарашаұлы «Армандастар» бағдарламасында  айтты.

«Екі жылдың ішінде көптеген шаралар атқарылып, елді-мекендер мен көшелердің атауы өзгертілді. Бізде Мағжан Жұмабаев ауданында 40 шақты көшенің аты қазақшаланды. Бұл үлкен дәреже. Әрине, билік өкілдеріне алғыс айтқым келеді. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Жуырда Қызылжар ауданында осындай 70 шақты көшенің атауын өзгерту туралы арыз түсті. Бұл бастамаларды тәуелсіздікпен байланыстыруға болады. Сонымен қатар, бұл бір күнде бітетін жұмыс емес. Бірақ, осы бағыттағы жобалар жанданды. Бес жылдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының біршама елді-мекендері өзінің тарихи атауына ие болады деген үміттеміз»,-дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Кемел Оспанов.