Тамыз кеңесі 2018

Елордада педагогтардың тамыз кеңесі өтті. Жиынға әр өңірден келген 500 мектеп психологы мен Мәскеуден 7 маман қатысты.

 

Талқыланған тақырып – инклюзивті білім беру. Осы бағыттағы негізгі мәселе білікті кадр даярлауға қатысты болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, үлгерімі немесе тәртібі төмен жеткіншектер де жалпы білім беру ордасында оқуы тиіс. «Оларды табиғи, материалдық я болмаса сенімі тұрғысынан бөлу дұрыс емес», - дейді мамандар. Инклюзиядағы екінші мәселе – ата-аналардың белсенділігі. Ал, олармен жұмыс психологтарға жүктеледі. Сол себепті, сала ұстаздарының кәсібилігін шыңдау керек. Қазір осы бағытта 10 күндік курс өтуде.