«Бейбіт миссия – 2018» оқу-жаттығуына дайындық басталды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер бірлесіп өткізетін «Бейбіт миссия-2018» халықаралық оқу-жаттығуына Қазақстанның дайындығы жақсы. 

 

Қазақстан сарбаздары мен сардарлары Талдықорған маңындағы «Жетісу» әскери полигонында зениттік және артиллериялық қарулармен оқ атып, әскери техникаларын, байланыс құралдарын сынақтан өткізіп жатыр. Әскери жаттығуға Қазақстан Қарулы Күштері Десантты-шабуылдаушы әскерінің 200-ден астам қызметкері және 60-қа жуық техника қатысады. Биылғы оқу-жаттығу тамыздың 22-і мен 29-ы аралығында Ресейдің Челябі облысындағы Шұбаркөл полигонында өтеді. Шараның негізгі мақсаты – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің антитеррористік операцияларын бірлесіп өткізіп, әскерилердің дайындығын тағы бір пысықтау.