Қазақстан-БАӘ сауда қатынастары

Дубайда Қазақстанның ресми сауда-экономикалық миссиясы өтеді. 

Миссияда еліміздің ірі өндірушілері таяушығыстық нарыққа өнімдерін таныстырады. Шарада Біріккен Араб Әмірліктерімен бірге ауыл шаруашылығы, энергетика, білім және мәдениет салаларын дамыту көзделіп отыр.  Басқосуға  Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері қатысады. Айта кетейік, былтыр қос ел арасындағы тауар айналымы 643 млн доллар болған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп.