Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері «Neо Nomad» іс-шарасына қатысты

Іскерлік ойынға  9 команда қатысып,  арнайы тапсырмалар орындады.  

Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған Іскерлік ойын форматындағы «Neо Nomad» шарасына қатысып,  оның аясында жобаларды басқару элементтерімен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру делінген таратылған ақпаратта. Іскерлік ойынға  9 команда қатысып,  арнайы тапсырмалар орындады.  Шараға өңірдегі бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының өкілдері қатысты.