«Сергек» камералары 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты ашуға мүмкіндік берді

Айыппұлдың жалпы сомасы 14 млн теңгені құраған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Бүгінде  iKomek қалалық жедел мониторинг және ден қою орталығы, бас қаладағы өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында, тек жүйелі мәселелерді шешіп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін де қамтамасыз етуде. Мысалы, бірінші жарты жылдықта орталықтың операторлары бейне тіркеуші камералар көмегімен 2 мыңға таяу әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Нақтырақ айтсақ, 1830 алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарға мас күйінде келу (ҚР ӘҚБТК-нің 441-бап) және қоғамдық орындарда темекі шегудің 111 оқиғасы тіркелген (ҚР ӘҚБТК-нің 441-бап).

Полицейлер тұрғындарды ереже бұзбауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.