Әділет Бағдат: Қазіргі жастар кәсіпкер болуды қалайды

Қазіргі жастардардың дені жеке кәсіппен айналысуды қалайды. Өз ісін дөңгелеткен аға буынның әрекеті кейінгі толқынның қызығушылығын туғызуда.

 

Бұл туралы «Қоғамдық лекция» жобасының жетекшісі Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

 

«Қазіргі жастар кәсіпкерлермен кездесуді қалайды. Олар бизнес саласына қалай келді? Нендей қиындықтармен соқтығысты. Бизнестің қай түрі сұранысқа ие? Бұл сауалдардың барлығы қазіргі жастарды толғандырады. Бұл жақсы тенденция деп ойлаймын. Егер жастар кәсіпкер болып жатса, бірінші кезекте олар  мемлекетке салық төлейді, екінші кезекте жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтиды»,- дейді бағдарлама қонағы.

 

Айта кетейік, алматылық жастар әр жұма сайын «Қоғамдық лекция» жобасында бас қосады. Төрт жыл бойы жүйелі түрде ұйымдастырылатын шараға 60-тан астам белгілі тұлға қатысты. Жастар аға буынға көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.