Биыл оқушылар сабаққа 3 қыркүйектен бастап барады

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес, оқушылар 2 қыркүйекте демалады, ал 3 қыркүйек – алғашқы оқу күні.  

 

Бұған дейін ата-аналардың кез келген мектепті таңдау құқығына ие болғанын жазған едік.  Биыл да 5 күндік оқу жүйесі сақталады. Биылғы оқу жылының ұзақтығы 32-34 апта және бағдарламаға жаңа пән енгізілмейді. Мектеп алды сыныптарда – 32 апта, 1-сыныптарда – 33 апта, 2-сыныптан 11-12 сыныпқа дейін  – 34 апта.

Ағымдағы жылдың 29 қазанынан 4 қарашасына (қоса алғанда) дейін күзгі демалыс, 2018 жылдың 31 желтоқсанынан 2019 жылдың 9 қаңтарына (қоса алғанда) дейін қысқы демалыс.