Жақсылық Омар – Өскемен қаласының әкімі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыс орталығының басшылығына Жақсылық Омардың келгенін хабарлады.

 

Бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған Жақсылық Мұқашұлы Алматы өңірінің тумасы.  Саясаткер 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі бойынша білім алған.

Жақсылық Омар 2001-2005 жылдар аралығында  ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жетекші маман ретінде қызмет атқарды. Ол еңбек жолында ҚР Қаржы министрлігінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ-та «Астана» ТРК дирекциясы директорының орынбасары, «Арнамедиа» ҰАХ» АҚ-ның бас менеджері, ШҚО әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, Жақсылық Мұқашұлы ШҚО әкімінің орынбасары және Алматы облысы әкімінің орынбасары болды.