Шолпан-Атада өткен Түркі кеңесінің VI саммитінде мемлекет басшылары Халықаралық Түркі академиясының қызметі мен атқарған ауқымды істеріне ризашылық білдірді. Сонымен қатар, Академия президенті Дархан Қыдырәлінің қызметін екінші мерзімге ұзартты деп хабарлайды Қазақ радиоларының жаңалықтар қызметі Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саммитке қатысушылар TWESCO ұйымының ғылыми-ұйымдастырушылық қызметіне, жүргізген арxеологиялық қазба жұмыстарына, әзірлеген «Ортақ түркі тариxы» оқулығы, «Аталар мирасы», «Түркбарометр» сынды жобаларына, БҰҰ, ЮНЕСКО-да ұйымдастырған іргелі шараларына, өткізген xалықаралық форумдарына, жарыққа шыққан 90-нан астам ғылыми еңбектері мен кітаптарына ризашылық білдірді.
Саммиттің қорытындысы бойынша қабылданған декларацияда академия жұмысына жоғары баға берілді.