Головкин жеңілді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен GGG-Canelo арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді.    

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) бірінші кездесумен салыстырғанда, бұл жолғы жекпе-жекте алға жүрумен болды. Десекте, Генадий Головкин де (38-0-1, 34 КО) жақсы соққылар дарытқан. Көрер көзге жекпе-жек тең дәрежеде өтіп жатқандай көрінген. Алайда, соңғы шешімді төрешілер қабылдады. Үш төрешінің бірі кездесу тең өтті деп есептесе, қалған екі төреші жеңісті 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шеберіне берді.


Осылайша, орта салмақтағы WBC, WBA (Super)және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Генадий Головкин кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты.