New York Times газетін енді қазақ тілінде оқи аласыз

«Egemen Qazaqstan» басылымы «New York Times» газетімен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің фейсбук парақшасына жазды. 

«Қымбатты достар! «Egemen Qazaqstan» басылымы «New York Times» газетімен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Келіссөздерге сәйкес, әлемге әйгілі баспасөз құралының материалдарын көшіріп басу құқығына ие болды. Бүгіннен бастап «Egemen Qazaqstan» бетінде арнаулы New York Times-те жарыққа шыққан материалдар жариялана бастады. Ең таңдаулы мақалалар мен пікірлерді, сараптамалар мен шолуларды ағылшын тілінде ғана емес қазақ тіліне аударылған нұсқаларын да оқуға мүмкіндік пайда болды. Бұл бастама еліміздегі медиа кеңістіктің аясын кеңейтуге ықпал ететініне сенімдімін», - деп жазды министр.