«Әлемдік әдеби мұралардың қазақшалану мәселесі»

Көркем шығармадағы кейіпкердің бітім-болмысы, ұлттық бейнесі, шынайы мінез-құлқы портрет деп аталады. Портрет әдеби туындының кеңінен танылуына үлес қосады. Шығарманың барлық табиғатын ашып, сондағы кейіпкерлер жүйесін оқырманның көз алдына дереу келтіріп, оның сыртқы бейнесі мен психологиялық ирімдерінен хабар беретін әдби портрет ұғымының әдебиеттану ғылымында орны ерекше. 

Портретті суреттеп шығуда ұлттық колориттерді қолданудың жөні бөлек. Ендеше көркем шығарманы тәржімалағанда да аудармашыға асқан қырағылықпен қарайтын тұс та осы басты деталь. Бұл тақырыпта әдебиеттанушы, аудармашы Дүйсенәлі Әлімхан «Шалқар» радиосының «Құс жолы» бағдарламасында ой бөлісті.

Толық ақпарат «Шалқар» радиосының «Құс жолы» бағдарламасының мұрағатында.

«Құс жолы» бағдарламасы әр аптаның сейсенбі күні сағат 19:00-де «Шалқар» радиосының эфирінен өтеді.