Ауа-райы өзгереді

Бірнеше жылы және құрғақ күндерден кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон жылжитын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ, орталық облыстарда кей жерлерде жаңбыр жауады. Қыркүйектің 22-і жаңбыр нөсерлеп жаууы мүмкін. Циклонмен байланысты суық фронттардың ықпалынан Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жаууы күтіледі. Жаңбырмен бірге, Орал аудандарынан келетін суық ауа массасымен ауа температурасының төмендеуі болжанады, ол осы кезеңге қалыпты температурадан 2...4°С төмен болады.