Асығыңыз алшысынан түссін!

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын баланың ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген. 

Көнеден келе жатқан ұлттық ойынның өрісі, атаулары, түрлері қандай? Бүгінгі балалар асық жиі ойнай ма? Бұл жайында «Шалқар» радиосының «Алматы түні» бағдарламасы аясындағы «Желідегі жазбалар» айдарында айтылды. Бағдарлама барысында тыңдармандар тікелей эфирге қоңару шалып, сондай-ақ, WhatsApp желісі арқылы да тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салды. 

Толық ақпарат «Шалқар» радиосы «Алматы түні» бағдарламасының мұрағатында. 

«Алматы түні» бағдарламасы аясында берілетін «Желідегі жазбалар» айдары әр аптаның сейсенбі күні сағат 22:00-де «Шалқар» радиосының эфирінен өтеді.