Күй атасы – Құрманғазы

 Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды шара өтті.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында ұйымдастырылған шарада күй атасының «Балбырауын» мен «Адай» күйлерін бір мезетте 1700 адам орындады.  

Облыс аудандары мен қаладан келген орындаушылар арасында түрлі сала қызметкерлері, оқушылар мен студенттер, зиялы қауым өкілдері болды.   

Шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов биыл Құрманғазы бабамыздың 200 жылдық тойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетінін жеткізді.  

«Домбыра – біздің байлығымыз, ұлттық құндылығымыз. «Нағыз қазақ – домбыра» деп текке айтылмаған. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық өнерімізді Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен таныту қажет атап өткен. Сондықтанда, бұл бастамаға әркім де өз үлесін қоса білуі керек», - деді өңір басшысы.