Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі артты

Тамыз айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және халыққа жеңілдетілген «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияның өсімін байқалып отыр. Үстіміздегі жылдың өткен 8 айының қорытындысына сүйенсек 702 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 31%-ға артық.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына арналған баспасөз конференциясында айтты.

«Республика бойынша барлығы 67 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Жоспар жыл соңына дейін толық көлемде орындалатын болады (жоспар 12,1 млн. ш. м). Айта кететін бір жайт, бұрын жеке тұрғын үй салу құрылысы басым болса, қазір көпқабатты үйлердің көлемі артты»,-деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.