Температураны бақылау функциясы бар күртеше

Xiaomi компаниясы температураны бақылау функциясы бар күртешені көпшілікке таныстырды. Технологияның сипаттамасы компанияның интернет-дүкенінде жарияланған.

Xiaomi күртешесін кез келген маусымда киюге болады. Киімнің максималды жылыту мүмкіндігі 50°C. Технология температураны сегіз сағатқа дейін ұстап тұрады. Heatex жүйесі арқылы бір ғана батырмамен іске қосылады.

Жылыту процесі мойын мен арқадан басталып, сол арқылы бүкіл денеге біркелкі бөлінеді. Бүгінде әзірлеушілер ғаламдық нарыққа арналған Heatex шығарылымы үшін қаржы жинауды бастап кетті. Бастамаға 10 000 юань қажет болғанымен, компания 2 млн юань жинап үлгерді.

Құны $ 79 құрайтын күртешелер 2018 жылдың 15-ші қазанында сатылымға шығады.

Ақпарат Қазақ радиосының «Қай тех» хабарында айтылды.