Жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер

Шалқар радиосындағы «Дәстүр» хабарының кезекті саны қазақ халқының таным-түсінігіндегі Жеті ата тақырыбына арналды. 

Балаға ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт жайын үйрету – ер азаматты ерлікке, отансүйгіштікке баулиды деп ұққан және оған 7-9 жасында әкесінен бастап ата-тегін, ағайын туысты, ел-жұртын танытуға ерекше көңіл бөлген. Әкесі мен атасы балаға тек бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, ел үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата жолын жалғастырса деп үміт артқан.

Толық ақпаратты хабардың аудио нұсқасынан тыңдай аласыз.

«Дәстүр» хабары әр жексенбі сайын сағат 12:30 Шалқар радиосының әуе толқынында беріледі.