Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой...

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой... (М.Жұмабаев)

 Түркістан заманауи талапқа сай сәні мен салтанаты келіскен алып шаһарлардың бірі болмақ. Еліміздің түпкір-түпкірінен жиылған лауазым иелері мен зиялы қауымға өңірдің даму жоспарын таныстырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деп отыр.

Мұнда жаңа әкімшілік ғимараттар бой көтеріп, білім, денсаулық және медени нысандар салынбақ. Спорт кешендері де назардан тыс қалмаған.

Сондай-ақ, 65 мың пәтерлі тұрғын үй құрылысы да қолға алынбақшы. Бүкіл түркі әлемінің рухани орталығына айналған Түркістан келешекте осылай көркейетін болады.