Баспасөз һәм руханият

Шалқар радиосы «Дәстүр» хабарында қазақ баспасөз тарихын зерттеуші, журналист, ұстаз Мейрамхан Жәпек қонақ болды. 

«Бұрынғы «Түркістан», «Дала уәлаяты» газеттерінде қазақтың салт-дәстүрлері көп жазылатын. Одан кейінгі уақытта да «Қазақ газеті», «Серке», «Айқап» журналы, 100 жылдық тарихы бар «Егемен Қазақстан» газеті сынды басылымдарда ұлттық тәрбиеге, ұлттық идеологияға, қазақтың танымы мен болмысына қатысты дүниелер жарық көрді. Омбыда басылып шыққан «Дала уәлаяты» газеті қазақтың әр баласы рухты, білімді һәм мәдениетті болу керектігі туралы материалдарды үнемі жариялап отырған»,-деді хабар қонағы.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.