Әлкей Марғұланның «Алтын қордағы» дауысы

Қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зертеуге орасан зор еңбек сіңірген этнограф-ғалым Әлкей Марғұлан еді. Оның қаламынан туған тарих, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақала жарық көрді.

«Дәуір үні» хабарынан Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, этнограф-ғалым, шығыстанушы, академик Әлкей Марғұланның «Алтын қордағы» дауысы тыңдарманға жол тартты.

Бес жасынана әріп танып, жыр-дастандарды жатқа айтқан Әлкей Марғұланның дауысы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған. Ол 1978-ші жылы үнтаспаға жазылған. Толығырақ, «Дәуір үні» хабарының аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.