Ибрагим Ескендір – «Сен қазақсың!»

Сен қазақсың, қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киіз үйі жер сияқты жер жұмыр,

Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.

Сен қазақсың, бір Алланың құлысың,

Адамға адам құл болғаны құрысын.

Жойқын соғыс сол маңдарда жойылмай,

Қалған отсың қаһармансың, ұлысың!

Қайырмасы :

Сен қазақсың, ұлы дала тұғыр-ай,

Күмбір-күмбір, күрескенің ғұмыр-ай.

Тірескеннің дірілдеткен тізесін,

Тұлпарының тұяғының дүбірі-ай.

Сен қазақсың, отаншылсың тектісің,

Айбарлысың, ақылдысың, беттісің.

Көп болуға, дүр болуға тиіссің,

Көрмеу үшін жат мінезді тектісің.

Сен қазақсың, қазынасы нәсіп-құт,

Қазақ болу ғаламатқа ғашықтық.

Жерім сұлу, тауым сұлу, соншалық,

Көрген көзден кететіндей жас ытқып.

Сен қазақсың, қазақ едің туғанда,

Онда дүние табылымнан үлгі алда.

Ата-жұрттан, ана тілден айырылма,

Төбеңде, көк төменде жер тұрғанда.

Қайырмасы :

Сен қазақсың, ұлы дала тұғыр-ай,

Күмбір-күмбір, күрескенің ғұмыр-ай. 

Тірескеннің дірілдеткен тізесін, 

Тұлпарының тұяғының дүбірі-ай. 

Сен қазақсың, отаншылсың тектісің, 

Айбарлысың, ақылдысың, беттісің. 

Көп болуға, дүр болуға тиіссің, 

Көрмеу үшін жат мінезді тектісің.