Ауа райы болжамы

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік аумағында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.  

«Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сәйкес 11 қазанда күндізгі температура +13...20°С болса, 13 қазанда +8°С-тан аспайды, ал, түнде -5°С-қа дейін салқындауы мүмкін. Мұндай ауа райы республика аумағына Ресейдің Еуропалық бөлігінен арктикалық суық фронттың жылжуымен байланысты.

Фото әлеуметтік желіден алынды.