«Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясы аяқталды

Еліміздің өңірлерін аралып, 17 мың шақырым жол жүрген саяхатшылардың сапары аяқталды.

Оның құрамында саяхатшылар, журналистер, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер болған. Жалпы экспедиция 18 шілдеде басталып, 29 қыркүйекке дейін жалғасты. Экспедицияның басты мақсаты – жаңа туристік бағыттарды ашып, ішкі туризм мен инфрақұрылымды дамыту.

Саяхаттан алған әсері мен ұмытылмас естеліктері жайлы Across the Kazakh land бағдарламасының редакторы Жұлдыз Рахмет Қазақ радиосындағы «Қазақ туризм» ұлттық компаниясымен бірлескен жоба – «СапарLike» хабарында айтты.

Толық ақпарат «СапарLike» хабарының мұрағатында. 

«СапарLike» бағдарламасы әр аптаның сәрсенбі күні 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.