Бас мүфти «Құрмет» орденімен марапатталды

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің биік мақсаттарын ілгерілетуге белсене қатысқаны үшін» бірқатанр діни басшылар марапатталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 


Марапатты Парламент Сенатының төрағасы, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаев табыс етті. Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ораз Серікбай қажы Сатыбалдыұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.