«Алтын жүректі» адамдар айналамызда жүр

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары 12 жылдан бері еліміздегі нағыз мейірбан, қолы ашық жандарды тауып, мерейін үстем етіп келеді.

Алматыда аталмыш сыйлықтың биылғы басты үздік номинанттары анықталды. Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділ-қазылар мүшелігіне қазақстандық қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Толық ақпарат қайырымды жандардың игі істерін насихаттауға арналған «Атымтай» бағдарламасының аудио нұсқасында.

«Атымтай» бағдарламасы әр аптаның жұма күні 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.