Сізді сау әрі күшті ететін әдеттер

Өміріңізде оң өзгерістер жасау үшін ең алдымен күнделікті әдетіңізді өзгерту қажет. Бұл негізгі құпиялардың бірі.

Сізді сау әрі күшті ететін әдеттер: 

1. Ұйқыға дейін тамақтанбаңыз. Жатар алдында тамақтанбау әдеті сіздің денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі. Егер өзіңізді 19:00-ден кейін тамақтан толығымен шектесеңіз, тіпті жақсы. 

2. Ерте жатып, ерте тұрыңыз. Себебі, ерте тұрғанның бір ісі артық. Бірақ, кем дегенде 7 сағат ұйықтау міндетті. 

3. Көбірек су ішіңіз. Кем дегенде 1,5 литр. Шай, шырын және басқа да сусындармен алмастырмаған абзал. 

4. Спортпен айналысыңыз. Егер, спортзалға бару мүмкіндігі болмаса, жай ғана жүгіруден бастасаңыз болады. Аптасына кемінде 2-3 рет, жарты сағаттан жүгіргеніңіз жақсы. 

5. Ашуға беріліп, жала жабудан аулақ болыңыз. Ойыңызды және сөзіңізді қадағалаңыз. Егер, қатты ашулы болсаңыз, ішіңізден 10-ға дейін санауды әдетке айналдырыңыз.  

6. Толық таңертеңгілік рәсімді ұмытпаңыз. Яғни, төсектен тұрған сәтте мына төрт іс-әрекет міндетті: тіс тазалау, тіл тазалау, қайнатылмаған таза суға лимон қосып ішу және контрасты себезгіні қабылдау. Контрасты себезгінің әдісі өте қарапайым: алдымен жылы сумен, кейін ыстық, одан кейін суық және қайтадан ыстық осылайша бірнеше рет ыстық және суық суды ауыстырып шайыныңыз. Бірақ, рәсімді суық сумен аяқтаңыз. 

7. Релаксация немесе медитацияны үйреніңіз. Мұны таңертеңгі жаттығулардан кейін жасау керек және бұл өте маңызды әдет. Шын мәнінде, заманауи қалалық ырғақта біз демалуды ұмытып, үнемі терең ойға шомылып жүреміз. Ал, осы қысымдар бізді жүйелі түрде бұзады. Адам өзін 10 минутқа бос ұстап, еш уайымсыз болса, ол оның жүйке жүйесіне, реңіне, денсаулығына әсер етеді. 

8. Көбірек жүруге тырысыңыз. Көздеген меженің қашықтықтығы алыс болмаса, көліктен бас тартыңыз. Тіпті лифтіні де қолданбаңыз. Таза ауада, әсіресе саябақтарда, су объектілерінің жанында серуендегеніңіз абзал. 

Сурет әлеуметтік желіден алынды.