Жастар жылы – флешмоб жылы болмау керек

«Елбасымыз жариялаған жастар жылы – жиналып алып, ақ футболка киіп, айғайлап кететін жыл болмауы керек. Жастар жылы жастардың баспана, жұмыс мәселесін шешіп, бір қадам болсын нақты әрекет жасайтын жыл болуы керек»,- дейді Айқын газетінің директоры Нұртөре Жүсіп Қазақ радиосындағы «Қайырлы таң, Қазақ елі!» хабарына берген сұхбатында.

«Абай: «Бірлік дегенде ақыл-ойға бірлік» дегенді айтады. Қазір ХХІ ғасырдың бастапқы кезеңіндеміз. «Еліміздің болашағы қандай болады?» деген сұрақ жастардың көкейінде тұрған мәселе деп айтуға болады. Осы орайда, қазақтың білімді, жоба жасай алатын жастарының «ақыл-ой бәйгесін» ұйымдастырып, үлкен бір шараны қолға алса дұрыс болар еді. Ақыл-ойдың жарысы деген ұлтты біріктіретін үлкен мәселе. Сол себепті жастар жылына кешенді жобалар жасалып, жүйелі жұмыс істелінетін болса, жылдың қайырымы да, қайтарымы да жақсы болады деп ойлаймын»,- деді Нұртөре Жүсіп.

Сурет qazaquni.kz сайтынан алынды.