Күнтізбеде күз, ал далада қыс

Суық арктикалық ауа массасының басып кіруі Қазақстанның барлық аумағында дерлік күннің суытуын, жауын-шашын мен қардың жаууын тудырды деп хабарлады Қазгидромет.

Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Алайда, көптеген облыстарда жауын-шашын, қар, көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Ауа температурасы осы кезеңгі қалыпты температурадан 3...5°С төмен болады.

Тек республиканың батыс өңірінде күн жылы болады деген болжам бар. Сондықтан, мұнда жауын-шашынсыз жылы ауа температурасы күндіз плюс 12...20°С-қа дейін барады.