Маңғыстауда кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді

«Қазіргі таңда Маңғыстау облысы негізінен шикізаттық өңір болып есептеледі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында облысымызда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс бойынша елу мыға жуық шағын және орта бизнес тіркелген. Солардың әр қайсысының өзіндік мәселелері бар. Облыстың өңірлік Кәсіпкерлер палатасы осы тұрғыдан, яғни, бизнестің құқығын қорғау, олардың кәсібін алға жылжыту, дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді».

Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасайұлы Қазақ радиосының «Табыс кілті» бағдарламасына берген сұхбатында осылай деді.

Маңғыстау облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің бүгінгі жағдайы, беталысы, мәселелері жайлы сұхбаттың толық нұсқасын бағдарлама мұрағатынан тыңдай аласыздар.