Түркі жазуы мен қазақ таңбаларының генетикалық байланысы

Қазақ радиосындағы «Алашнама» хабарының кезекті саны «Түркі жазуы мен қазақ таңбаларының генетикалық байланысы» тақырыбына арналды. 

Ежелден қалыптасқан қазақ танымы мен мифтік түсінігінің үлкен антологиясы – қазақ таңбалары. Бұл таңбалардың түркі руникалық жазуымен байланысы қандай? Сұхбат осы турасында болмақ. Студия қонағы турколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы. 

Толық ақпарат хабардың аудио нұсқасында.   

«Алашнама» хабары әр аптаның жұма күні сағат 15:30-да Қазақ радиосының тікелей эфирінен беріледі.