Кішкентай қыздың үлкен жүрегі

«Рейчел кішкентайынан қайырымдылықпен айналысып, мыңдаған адамның өміріне араша түскен. Сиэтл қаласында өткен қайырымдылық дәрістерінің бірінде Рейчел кедей елдерде балалардың бір жұтым суға зар екені, тапшылықтан әр түрлі шалшықтардан лай суды ішуге мәжбүр екенін естиді, суреттерін көреді. Күн сайын 4,5 мың африкандық бүлдіршіннің қатерлі кеселден, күннің ыстығынан, лай әрі зарарлы судан қайтыс болатынын біледі. Осыдан кейін, Рэйчел ата-анасына өзінің келе жатқан туған күнін тойламауды, ешкімнің сыйлық бермеуін, сыйлыққа кететін ақшаны қор ашып, соған жинауды ұсынады. Ол ақшаға Африкадағы суға зәру адамдарға суды тазартып, ауызсу шығаратын ұңғылар сатып алуды, құдықтар қаздыруды жоспарлайды. Рэйчелге қордың есебі бойынша, 15 адамның өмірін құтқару үшін 300 АҚШ доллары керек болады. Ал туған күніне түскен ақша небары 220 долларды құрайды. Әлі 80 доллар жетпейді. Не істеу керек?»

Көпке үлгі болған Америкалық 9 жасар қыз Рэйчел Бэквис туралы толық ақпарат қайырымды жандардың игі істерін насихаттауға арналған «Атымтай» бағдарламасында айтылды.

Толығырақ бағдарламаның аудио нұсқасынан тыңдай аласыздар. 

«Атымтай» бағдарламасы әр аптаның жұма күні 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.