Димаштың бейнебаяны «Музтв» телеарнасынан көрсетіледі

«Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «Музтв» телеарнасының «Музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "Музтв" телеарнасында тегін ротацияға ие болды». 

Бұл туралы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев өзінің facebook әлеуметтік парақшасында жазды.