Жылы және жауын-шашынсыз күндер

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2018 жылдың 23-25 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

Ресейдің Еуропа бөлігіндегі жылы антициклонның шығысқа жылжуы Қазақстандағы ауа райына да әсер етеді. Республиканың көптеген облыстарында жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атап айтсақ, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарында күндіз ауа +15...20°С, кей жерлерде +23..25°С-қа дейін жылынады деген болжам бар.