Әбу Сәрсенбаевтың «Алтын қордағы» дауысы

Біз соғысты көрген жоқпыз. Алайда ел басына күн туып ер азамат етігімен су кешкен заманда майдангер ұрпақ табандылықтың үлгісін көрсетті. Олардың ерлік өнегесін тарихтың өзі мойындайды. Сол ұрыс даласында қазақтың қаншама ақын - жазушылары кеудесін оққа тосты. Солардың бірі Әбу Сәрсенбаев болатын.

Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарының кезекті санында ақын, жазушы Әбу Сәрсенбаевтың дауысы тыңдарманға жол тартты.

Жазушының Қазақ радиосына берген сұхбатымен оқыған өлеңдерін хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыз.