Солтүстік өңірдегі ауылдардың жағдайы

Қазақ радиосындағы «Өз сөзім» хабарының кезекті санында Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың жағдайы туралы айтылды.

Солтүстік Қазақстан облысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті тұрғындардың тұрмысымен танысу үшін барған. Министрдің сапары тегін болмағаны белгілі. Соңғы жылдары осы аймақтағы болашағы жоқ ауылдар жайлы көп айтылып жүр. Жергілікті тұрғындар Ресейге жаппай көше бастаған. Осының салдарынан облыстағы көптеген ауылдардың халі нашарлап кетті. Енді Солтүстік Қазақстан облысында 38 ауыл жабылып, ондағы 400-ге жуық тұрғын болашағы бар елді-мекендерге көшірілетін болды, яғни, осы облыстағы ертеңі күмәнді елді-мекендер толығымен жойылмақ.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.

Сурет әлеуметтік желіден алынды.