Батыстың барылдаған әндеріне әуестік – мәңгүрттікке жетелейді

Күй – қазақтың жан серігі, мұңдасы, сырласы. Күй ойға жетелейді. Адам болып өмір сүруге, жақсылыққа, ізгілікке ұмтылдырады. Күй құдіреті деген осы.

Қазақ радиосындағы «Дәуір үні» хабарының кезекті саны Ақселеу Сейдімбектің шығармышылығына арналды.

«Қазіргі уақытта ұлы мәдени мұра күй өнеріне алыстап бара жатқанымыз жанға батады. Егер, қазақ ұлты қанына сіңген күй өнерінен алшақтап, батыстың барылдаған әндеріне әуес бола беретін болса, мәңгүрт ұлтқа айналуы ғажап емес. Сондықтан күй өнерін қадірлеу керек»,- дейді этнограф-ғалым

Ақселеу Сейдімбектің дауысын хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.