Денис Тенге арналған көрме

Астанадағы «Mega Silk Way» ойын-сауықтық орталығында Денис Тенге арналған «D10 WORLD» көрмесі ашылды.  

Жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, спортшыға тиесілі заттар қойылған. Онда маңызды спорттық сайыстарда түсірілген суреттер мен әріптестері және достары ұсынған видеожобалар, сонымен қатар, Денистің жеке жұмыстарымен танысуға болады. Көрменің дәл ортасында мәнерлеп сырғанаушының «Денис Тен и его друзья» ток шоуында киген костюмі мен конькиі орналасқан.

Көрменің ашылуына спортшының туғандары, достары, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық конькишілер федерациясының президенті Болат Жәмішев, әнші Ерлан Көкеев, Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэ Сик, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев сынды белгілі тұлғалар қатысты.


«Mega Silk Way» ойын-сауықтық орталығындағы көрмеге 20 қарашаға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында баруға болады. Кіру тегін.


Оқиға орнынан ақпарат таратқан «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС жаңалықтар қызметінің тілшісі Ольга Николаева.