Қазақстандықтар Түркияда визасыз үш ай тұра алады

Қазақстандық туристер Түркияда визасыз 90 күн тұра алады, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы. 

Түркия Президентінің баспасөз қызметі Түркиядағы Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің өсетіні жайлы хабарлады. Сондай-ақ, жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан да кіреді. Бұрын Қазақстанның Түркиядағы визасыз кезеңі 30 күн болатын.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың визасыз режимі бар елдердің жаңартылған тізімін ұсынған еді. Департаменттің сайтында жарияланған тізімге сәйкес, қазақстандықтар визасыз 29 елге бара алады. Қазақстан азаматтарына визаны жою туралы мәселе Израиль, Тайланд, Фиджи және Макао елдерінде әзірленуде.

Бұдан басқа, Қазақстан бірқатар Латын Америкасы елдерімен визасыз режимге қол жеткізбекші.