Әділбек Ниязымбетов бокспен қош айтысты

Қазақстан чемпионатының қарсаңында олимпиаданың күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Әділбек Ниязымбетов бокс мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

«Мен және барлық жанкүйерлер Әділбекке ренжуге құқымыз жоқ. Біз оған қазақ боксының дамуына қосқан үлесі үшін тек алғысымызды білдіреміз. Ол ұлттың намысын түрлі әлемдік аренада қорғап келді. Әлем чемпионаты мен Олимпиаданың ақтық мәресіне жеткен спортшылар саусақпен санарлық. Сонымен қатар, Әділбек Азиада ойындарының чемпионы атанды, мұндай жетістіктермен екінің бірі мақтана алмайды», - деп түсіндірді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен боксшылары жаңа құраманың жаңа капитанын сайлайды.